1 күн бұрын
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында қай уақытта шаршы алаңға шығады?
Фото: Қазақстан ҰОК
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырхан қай уақытта шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кешкі сессияда 2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (55 келі) жарыс жолын бастайды. Қарсыласы — жастар арасында әлем чемпионы атанған өзбекстандық Шахзод Мұзафаров. Қос боксшы бұған дейін Азия чемпионаты мен «Елорда кубогында» 3 мәрте жолығып, барлығында отандасымыз басым түсті.
Махмұд Сабырхан бесінші жұпта өнер көрсетеді. Сәйкесінше, шамамен 15:00-де шығады.
Сондай-ақ бүгін оның інісі Төрехан Сабырхан (70 келі) тәжікстандық Шамшиер Саидовты қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»