23 сағат бұрын
Махмұд Сабырхан Азия чемпионаты жартылай финалына шықты
Фото: қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында 2 дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/4 финалда Шахзод Мұзафаровпен (Өзбекстан) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бір-бірін жақсы білетін боксшылар аңдысып жатпай-ақ, алғашқы раундтан ашық айқасқа кетті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2024 жылғы құрлықтық жарыстың финалында дәл осы Шахзод Мұзафаровты жеңіп, Азия чемпионы атанған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»