5 сағат бұрын
Бұрынғы белгілі боксшы арнайы төсбелгіге ие болды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан әйелдер боксының бастауында тұрған тұлғалардың бірі Назгүл Боранбаеваға «ҚР боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Боксшы дүниежүзілік додада алғаш боп Қазақстан намысын қорғады. 2006 жылы Үндістанда, 2010 жылы Барбадоста әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, 2010 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленген Назгүл Боранбаева - бүгінде төрт баланың анасы.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»