4 сағат бұрын
Дмитрий Бивол: бүкіл спорттық мансабында біреуден қашып жүрген сияқтымын
Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Бивол ресейлік Артур Бетербиевке қарсы үшінші жекпе-жектен қашып жүр деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
30 мамыр күні Дмитрий Бивол Екатеринбургтегі бокс кешінде неміс боксшысы Михаэль Айфертке қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді.
«Қашып жүр деген әңгімелерге келсек… Мен бүкіл мансабында біреуден қашып жүрген сияқтымын (күледі). Барлығы мен Канеломен реванштан, Рамиреспен, Бетербиевпен жекпе-жектерден қашады дейді… Біздің спорт осындай ғой — бәрінен қашып жүргендей боламыз», — деді Бивол.
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы жекпе-жектердегі есеп тең — 1:1.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов