6 сағат бұрын

World Boxing: бокстан Азия чемпионатында бүгін кімдер рингке шығады

World Boxing: бокстан Азия чемпионатында бүгін кімдер рингке шығады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан 4 сәуірде ел құрамасынан кімдер шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық боксшылар күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі. Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 9:00-де басталса, кешкі сессия 14:00-ге белгіленген.

Күндізгі сессия

2-жұп. 65 келі, Лаура Есенкелді - Анкушита Боро (Үндістан)

5-жұп. 50 келі. Санжар Тәшкенбай - Вишванаш Суреш (Үндістан)

12-жұп. 65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан)

Кешкі сессия

4-жұп. 75 келі. Валентина Хальзова - Суйеон Сеонг (Оңтүстік Корея)

9-жұп. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Арман Маханов.

Айта кетсек, бүгін Оразбек Асылқұлов (60 келі) Азия чемпионатында жапониялық Шунсуке Китамотомен кездесуі керек еді. Алайда қарсылас жарақатына байланыста шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болды. Осылайша Оразбек жартылай финалға өтті.

Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионаты ширек финалына 21 елдің боксшылары шықты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»