3 сағат бұрын
Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан бүгін, 4 сәуірде ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
World Boxing аясында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада отандасымыз қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен шеберлік байқасты.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Алғашқы екі раунд Ертуғанның басымдығымен аяқталды.
Отандасымыз соққы алмасу барысында дәлдік танытып, әр раундта басымдығын танытып отырды. Қорытынды есеп - 3:2.
Енді Ертуған жартылай финалда Таиланд спортшысы Бунжонг Синсиримен айқасады.
Ертуған бұдан бұрын 1/8 финалда Тайпей өкілі Ю Линді қапы қалдырды.
Айта кетсек, бүгін Санжар Тәшкенбай (50 келі) ширек финалда үндістандық Вишванаш Сурешке есе жіберіп, құрлықтық додада жүлдесіз қалды.
Айта кетсек, бүгін Оразбек Асылқұлов (60 келі) Азия чемпионатында жапониялық Шунсуке Китамотомен кездесуі керек еді. Алайда қарсылас жарақатына байланыста шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болды. Осылайша Оразбек жартылай финалға өтті.
Енді кешкі сессияда төртінші жұпта Валентина Хальзова (75 келі) Оңтүстік Корея өкілі Суйеон Сеонг, тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өзбекстандық Арман Махановпен кездеседі.
Азия чемпионатында ерлер құрамасы сапында Санжардан өзге Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бақ сынап жатыр.
Сондай-ақ Лаура Есенкелді (65 келі) үндістандық Анкушита Бороға есе жіберіп, жарыс жолын ширек финалда аяқтауға мәжбүр болды.
Оған дейін әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға елімізден әәйелдер құрамасында Лаура, Римма, Жазира мен Элинадан өзге Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»