1 күн бұрын

Валентина Хальзова Азия чемпионаты жартылай финалына өтті

Валентина Хальзова Азия чемпионаты жартылай финалына өтті

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан бүгін, 4 сәуірде Әлем чемпионы, Валентина Хальзова (75 келі) 1/4 финалда Оңтүстік Кореяның спортшысы Суйеон Сеонгпен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы минуттан отандасымыздың басымдығы байқалып, 1-раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді.

Екінші раундта да Валентина қарқынын арттырып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Енді ол жартылай финалда Қытай боксшысы Зи Баомен айқасады.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) жартылай финалға шықса, Санжар Тәшкенбай (50 келі) мен Лаура Есенкелді (65 келі) жүлдесіз қалды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»