13 сағат бұрын

Айбек Оралбай Өзбекстан қазағын жеңіп кетті

Айбек Оралбай Өзбекстан қазағын жеңіп кетті

Бокстан Моңғолияда ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Әлем чемпионы, +90 келідегі Айбек Оралбай 1/4 финалда Өзбекстан боксшысы Арман Махановпен жұдырықтасты.

Қарсылас жекпе-жек бойы сериялы соққыларымен белсенді болуға тырысты. Ал отандасымыз сауатты қорғанып, қарымта шабуылда дәл соққыларын тигізді. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Айбекке берді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»