11 сағат бұрын
Айбек Оралбай: 4 қазақтың жүлде тұғырында тұрғанын қаладым
Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатында өз салмағы жайлы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Менің қарсыласым Өзбекстаннан келген қазақ бауырымыз болды. Жеребе біз үшін қолайсыз түсті. Арман бір жекпе-жек өткізіп үлгерген. Ол да Моңғолиядан келген қазақ Бекнұр Қалиға қарсы шықты. Оның менен айырмашылығы — рингті сезініп үлгерді. Жекпе-жек қиын болды. Бір себетте үш қазақ кездесіп, өзара жұдырықтастық. Менің салмақ дәрежемде үш этникалық қазақ өнер көрсетіп жатыр. Жеребе алдында турнир соңында бәріміз жүлде тұғырында тұрсақ деп ойлаған едім. Бұл қазақ халқы үшін үлкен тарих әрі жетістік болар еді», — деді жекпе-жектен кейін Оралбай.
Айта кетейік, Айбек Оралбай ширек финалда Өзбекстан намысын қорғап жүрген этникалық қазақ Арман Махановты 4:1 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов