8 сағат бұрын
Назым Қызайбайдың қандай жарысқа қатысатындығы белгілі болды
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңі алдында Бразилияға ұшып барады, деп хабарлайды Sports.kz.
Атақты қазақстандық боксшы өз Instagram парақшасында жаттығудан видео жариялап, бүгін түнде ұлттық құрамамен бірге Бразилияға аттанатынын айтты.
«Ешқашан терлемеген жерімнен де тер шықты. Өте жақсы жүгіру болды. Жаттығуымды жасап жатырмын. Бұл менің осындағы соңғы жаттығуым. Егер бәрі сәтті болса, бүгін түнде Бразилияға ұшамыз», — деп бөлісті спортшы.
Бұған дейін 6–18 сәуір аралығында команданың халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтетіні белгілі болған еді.
Ал World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір күндері Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов