6 сағат бұрын
5 сәуір күні Азия чемпионатында кімдер жұдырықтасады?
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Ертең, ширек финалда тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия 09:00
48 келі. 4-жұп
Әйгерім Сәттібаева - Сабина Бобокулова (Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері, Өзбекстан)
57 келі. 8-жұп
Ұлжан Сәрсенбек - Пунрауе Руенрос (әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері)
2024 жылы Азия чемпионатының жартылай финалында Таиланд спортшысы жеңіске жеткен.
Кешкі сессия 14:00
75 келі. 4-жұп
Сабыржан Аққалықов - Тайга Яги (Жапония)
80 келі. 7-жұп
Ерасыл Жақпеков - Фазлиддин Еркинбоев (әлем чемпионы, Өзбекстан)
Үшінші мәрте жолығады. 2025 жылы «Странджа» турнирінде Фазлиддин жеңсе, 2024 жылы Астанадағы U22 Азия чемпионатында отандасымыз ұпай санымен басым түсті.
90 келі. 11-жұп
Сағындық Тоғамбай - Хуежен Хан (Қытай)
2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жартылай финалында Қытай боксшысы жеңсе, 2024 жылы Elorda Cup турнирінде отандасымыз басым түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов