6 сағат бұрын
World Boxing: Азия чемпионатында залда жарық сөніп қалды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 6 сәуірде кешкі сессия барысында залда жарық сөніп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде «Qazsport» телеарнасы мәлім етті.
- Моңғолияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының трансляциясына қатысты ақпаратты хабарлаймыз. Жарыстың түстен кейінгі сессиясы кезінде залда жарық пен интернеттің өшуіне байланысты трансляция уақытша тоқтап, техникалық ақаулар орын алды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, ел құрамасынан Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Құрлықтық додада ел құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан