Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Мейірім Нұрсұлтанов Астана бокс федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Мейірім Нұрсұлтанов Астана бокс федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Фото: astanaboxing

Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов Астана бокс федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мейірім Нұрсұлтанов — кәсіби бокста жоғары жетістіктерге жеткен, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мықты спортшы:

NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы

WBC America және WBO International чемпиондық белбеулерінің иегері

Қазіргі таңда өз салмағында WBC World титулының міндетті үміткері

- Бұл — тек жеке жетістік емес, елордалық бокстың дамуына жасалған үлкен қадам! Өзінің бай тәжірибесі мен жеңісті жолы арқылы Мейірім жас спортшыларға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби деңгейде өсуіне, жаңа белестерді бағындыруына зор үлес қосатынына сенімдіміз.

Айта кетейік, Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов өз уақытында Астаналық бокс федерациясы сапында өнер көрсетіп, талай дүбірлі жарыста Астана намысын абыроймен қорғаған, елге адал қызмет еткен нағыз патриот спортшы, - деп жазылған хабарламада.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан