Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

7 сәуір күні Азия чемпионатында кімдер жұдырықтасады?

7 сәуір күні Азия чемпионатында кімдер жұдырықтасады?

Сейсенбі, 7 сәуірде Қазақстан боксшылары Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында кезекті жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Құрлықтық турнирдің жартылай финалдарының екінші күні Қазақстан атынан алты боксшы рингке шығады: Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Айбек Оралбай және Айгерім Сәттібаева.

09:15 Әйелдер. 48 кг. Айгерім Сәттібаева — Номундари Энх-Амгалан (Моңғолия);

10:15 Ерлер. 75 кг. Сабыржан Аққалықов — Далай Ганзориг (Моңғолия);

10:30 Ерлер. 85 кг. Нұрбек Оралбай — Бариахаан Дорж (Моңғолия);

11:00 Ерлер. +90 кг. Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан);

14:30 Ерлер. 60 кг. Оразбек Асылқұлов — Абдурахмон Махмуджонов (Өзбекстан);

15:30 Ерлер. 90 кг. Сағындық Тоғамбай — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан).

Еске салайық, 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасының атынан бастапқыда он үш боксшы өнер көрсеткен.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан