Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығарылды

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығарылды

Boxrec.com сайты орта салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартып, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) дивизиондағы бірінші орыннан алып тастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл өзгерістер оның допинг дауына тікелей байланысты болды. Енді рейтингтің көшбасшысы - кубалық Эрисланди Лара (32-3-3, 19 КО). Екінші орында доминикандық Карлос Адамес (27-1-1, 18 КО). Ал үшінші орында британдық Конор Бенн (24-1, 14 КО) тұр.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Алайда ол 2025 жылдың соңында анықталған мельдонийге оң нәтиже берген допинг сынамасына байланысты бір жылдық шеттеттілуін өтеп жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан