Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Сәттібаева Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады

Сәттібаева Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады

Қазақстандық боксшы Айгерім Сәттібаева Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп, қола медаль еншіледі.

48 келіге дейінгі салмақта ол моңғолиялық Номундарь Енх Амгаланмен кездесті. Алғашқы екі раундтан кейін есеп тең (19:19) болды. Шешуші раундта қос спортшы да белсенділік танытқанымен, төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Осылайша, Айгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады. Ол — 2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және «Үздіктер турнирі» » жарысының жеңімпазы.

Айта кетейік, спортшы екі рет ана атанғаннан кейін үлкен спортқа қайта оралған. Қазіргі таңда ол бес баланың анасы.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан