1 күн бұрын
Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Улан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Ол 85 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда монғолиялық қарсылас Бариахаан Доржды жеңді.
Үш раунд бойы өткен кездесуде Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдылығын сақтап, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті – 5:0. Енді ол алтын медаль үшін соңғы сында бақ сынайды.
Нұрбек Оралбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы, 2026 жылғы Boxam Elite турнирінің жеңімпазы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан