Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Айбек Оралбай Азия чемпионаты финалында қытайлық қазақпен кездеседі

Айбек Оралбай Азия чемпионаты финалында қытайлық қазақпен кездеседі

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионаты финалында Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) Қытайда тұратын этникалық қазақ Данабек Байқоныспен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлем чемпионы, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай ½ финалда Түркіменстан боксшысы Довлет Исламовпен қолғап түйістірді. Отандасымыз барлық раундта айқын басымдығын танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

https://kaz.inform.kz/news/nurbek-zhane-aybek-oralbay-aziya-chempionatinda-altinga-talasadi-9c31f0/

Ал Данабек Байқоныс жартылай финалда үндістандық Нарендермен кездесті. Бірінші раундта қарсылас жарақат алып қалды. Нәтижесінде жеңіс Данабекке берілді.

Финал 10 сәуірге белгіленген.

Айта кетсек, Азия чемпионатында 90 келіден жоғары салмақта ұлты қазақ төрт боксшы сынға түскен еді. Олардың қатарында Айбек пен Данабектен өзге Бекнұр Қали (Моңғолия), Арман Маханов (Өзбекстан) болды.

Сондай-ақ бүгін Оразбек Асылқұлов пен Сағындық Тоғамбай (90 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Айбектен өзге Нұрбек Оралбай (85 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) финалға шықса, Айгерім Сәттібаева (48 келі) қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан 6 сәуірде Төрехан Сабырхан (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан