1 күн бұрын
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионаты жартылай финалында өзбек боксшысын жеңді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 7 сәуірде жартылай финалда Оразбек Асылқұлов (60 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз бұл жолы өзбекстандық Әбдірахмон Махмуджоновпен рингке шықты.
Қос спортшы да шаршы алаңның ортасын бермей, алма-кезек шабуылдармен алмасты. Әйтсе де тәжірибелі Оразбек төрешілерді шешімін өз жағына бұра алды. Қорытынды есеп: 3:2.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық екі боксшы 14:00-де басталатын кешкі сессияда сынға түседі. Алдымен 3-жұпта Оразбек Асылқұлов (60 келі) өзбекстандық Әбдірахмон Махмуджоновпен рингке шықса, 8-жұпта Сағындық Тоғамбай (90 келі) өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан