1 күн бұрын
Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 7 сәуірде жартылай финалда Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз бұл жолы өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездесті.
Қос боксшы 3 раунд бойы шиеленісті айқас өткізіп, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Өзбекстан спортшысына берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келі) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан