7 сағат бұрын
Оралбай ағайындыларының АЧ-дағы басымдығы атап өтілді
Боксқа арналған 024boxingcom Instagram парақшасы Қазақстан құрамасының боксшылары — ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайдың Азия чемпионаты-2026 жартылай финалындағы жеңістеріне жоғары баға берді.
Аталған дереккөздің мәліметінше, әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Бариахаан Доржға қарсы жекпе-жекте үш раунд бойы толық басымдық танытып, финалға шыққан. Енді ол шешуші айқаста өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен кездеседі.
Ал оның егіз бауыры, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Айбек Оралбай да жартылай финалда туркменстандық Довлет Исламовты сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды. Оның қарсыласы Қытай намысын қорғайтын Данабек Байконыс болмақ.
Айта кетейік, Азия чемпионаты-2026 финалына Қазақстан құрамасынан жалпы сегіз боксшы шықты. Оның бесеуі — ерлер құрамасының өкілдері.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан