6 сағат бұрын
Президент бокстан Азия чемпиондарын құттықтады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.
Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан