1 күн бұрын
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Моңғолия астанасы Улан-Баторда өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдеге қол жеткізді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов үндістандық Сачинмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте Асылқұлов төрешілердің бөлінген шешімімен (3:2) жеңіске жетті.
Айта кетейік, алғашқы раундты үш төреші де үндістандық спортшыға бергенімен, қалған раундтарда қазақстандық боксшы басымдық танытып, жеңісті жұлып алды. Осылайша, Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды, ал Сачин күміс жүлдеге ие болды.
Бұған дейін, 2024 жылы Асылқұлов Таиландта өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан