Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан құрамасы тағы бір алтынға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы тағы бір алтынға қол жеткізді

Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға бірауыздан (5:0) берді. Осылайша, Аққалықов Азия чемпионы атанса, оның қарсыласы күміс жүлдемен шектелді.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов 2025 жылы Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан