1 күн бұрын
Қазақстан боксшысы күміс медаль иеленді
Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан күміс медаль еншіледі.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол иорданиялық Зейяд Ишаишпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундын Сабырхан өз пайдасына шешкенімен, екінші раундтан кейін есеп теңесті. Шешуші үшінші раундта төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласына берді (5:0).
Осылайша, Торехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, ол бұған дейін 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан