1 күн бұрын
Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионы атанды
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті — 5:0.
Айта кетейік, Оралбай бұған дейін 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында қола медаль иеленген болатын. Осылайша, ол алғаш рет құрлықтық біріншілікте алтын жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы үшін бұл турнирде бірнеше жүлде тіркелді: Оразбек Асылкулов пен Сабыржан Аққалықов алтын, Төрехан Сабырхан күміс, ал Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов және Сағындық Тоғамбай қола медаль иеленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан