1 күн бұрын
Қазақстан боксшылары Өзбекстанды артта қалдырды
Ұлан-Батырда (Моңғолия) World Boxing ұйымының қолдауымен өткен бокстан 2026 жылғы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ерлер құрамасы жарыста 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасы барлығы 8 жүлде еншіледі.
Екінші орын Өзбекстанға бұйырды — 3 алтын, 2 күміс және 1 қола. Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді (1 алтын, 1 күміс, 4 қола).
Жалпыкомандалық есеп:
- Қазақстан — 4-1-3
- Өзбекстан — 3-2-1
- Үндістан — 1-1-4
- Жапония — 1-1-2
- Иордания — 1-1-1
- Моңғолия — 0-1-2
- Қытай — 0-1-2
- Тайланд — 0-1-1
- Тәжікстан — 0-1-1
- Түрікменстан — 0-0-1
- Филиппин — 0-0-1
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасынан 4 боксшы алтын жеңіп алды: Оразбек Асылқұлов (60 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг). Ал Төрехан Сабырхан (70 кг) күміс жүлдеге ие болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан