Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Нұржан Насанов: құрлықтық дода аса тартысты өтті 

Нұржан Насанов: құрлықтық дода аса тартысты өтті 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының қорытындысы эөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен құрлықтық додада еліміздің ерлер құрамасы төрт алтын, бір күміс, үш қола алды.

Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілсе, Төрехан Сабырхан (70 келі) күміс, Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) үздік үштікті түйіндеді.

- Биыл құрлықтық дода аса тартысты өтті деуге негіз бар. Оған барлығы 21 мемелкеттің өкілдері келді. Ерлер арасында 115 былғары қолғап шебері жүлдені сарапқа салды. Шәкірттерім 8 медальмен жалпы командалық есепте көш басына шықты. Олардың арасынан Сабыржан Аққалықовты үздік деп бағалар едім. Ол шаршы аалңда жақсы ойын көрсетті. Әрине, қателіктерге жол берілді. Ендігі кезекте сол бағытта сараптама жасаймыз. Алдағы Азия ойындары жақындап келеді. Ендігі кезекте соған дайындалатын боламыз. Онда боксшылар барлығы 6 салмақта сынға түседі. Оны федерация басшылығы және бапкерлер штабымен ақылдаса отырып, нақы құрамды анықтайтын боламыз, - деді Нұржан Насанов.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен қорытындылап, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Үндістанның 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан