5 сағат бұрын
Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Азия чемпионатын қорытындылады
Қазақстан ерлер бокс құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Моңғолияда өткен World Boxing ұйымының Азия чемпионатындағы шәкірттерінің өнеріне баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz
"Азия чемпионатына 21 ел бас қосып, ерлер арасында 115 спортшы жүлдеге таласты. Біз жалпы есепте бірінші орынды алдық. Менің ойымша, финалдағы үздік боксшы - Сабыржан Аққалықов. Ол өз шеберлігін көрсетіп, берілген нұсқауларды мінсіз орындады. Иә, бізде қателіктер болды. Оларды талдап, тиісті жұмыс жүргіземіз. Алда Жапонияда өтетін Азия ойындары. Соған дайындаламыз. Онда тек 6 салмақ қана болады. Құрамды федерациямен және бапкерлер штабымен ақылдасып, жариялаймыз", — деді Нұржан Насанов.
Айта кетейік, 30 наурыз - 10 сәуір аралығында жалғасқан сары құрлықтың додасында ерлер құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов