5 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан: енді хейтерлер жаза берсе болады
Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өткен World Boxing ұйымының Азия чемпионаты-2026 финалындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
"Бірнеше рет туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалғаннан кейін бірінші орын алмау сәл ыңғайсыз болды. Жекпе-жек туралы не айтуға болады? Рингте кімнің қолын көтерсе, сол жеңімпаз.
Бірақ біз сынбаймыз. Қыркүйекте Азия ойындары өтеді. Соған тыңғылықты дайындалып, кімнің мықты екенін дәлелдейміз.
Қазақ халқына айтарым алғысымды білдіремін. Сіздер маған әрдайым шынайы жанкүйер болдыңыздар. Үлкен рақмет. Жеңген кезде де, жеңілген кезде де сынағандар болды.
Қазір мен екінші орын алдым, Енді хейтерлерге жаза беруге болады. Иә, сіздердің жазғандарыңыз дұрыс. Бірақ мен сіздердің сөздеріңізден сынбаймын.
Бұл жолы мен екінші орын алдым. Бокста ең бастысы - Олимпиада. Қазақ халқына Лос-Анджелес Олимпиадасының алтынын алуға уәде беремін", - деді Төрехан Сабырхан.
Айта кетейік, әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан финалда күтпеген жерден Иордания боксшысы Зейад Ишаиштен есе жіберді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов