9 сағат бұрын
Оралбай чемпиондық атағын сақтап қалды
Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Улан-Баторда (Моңғолия) өткен World Boxing ұйымының Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, бірегей нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Оралбай ерлер арасындағы турнирде чемпиондық атағын қорғап қалған жалғыз боксшы атанды. Ол бұл жарысқа 2024 жылғы Азия чемпионы ретінде келген болатын.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Данабек Байқоныспен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Айбек Оралбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, кезекті рет құрлық чемпионы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан