Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

DAZN мен TNT Sports жаңа бокс жобасын іске қосты

DAZN мен TNT Sports жаңа бокс жобасын іске қосты

DAZN стриминг платформасы мен TNT Sports телеарнасы бірлесіп боксты дамытуға бағытталған жаңа The Fight жобасын іске қосатынын жариялады.

Жобаның алғашқы кеші 4 шілдеде өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл серия бокс аудиториясын кеңейтіп, танымал жекпе-жектерді бір алаңға біріктіруге бағытталған.

Алғашқы шоуда басты жекпе-жек WBO чемпионы америкалық Абдулла Мейсон мен міндетті үміткер Джо Кордина арасында өтеді. Бұл Мейсон үшін чемпиондық атағын қорғаудағы алғашқы айқас болмақ.

Аталған жоба Top Rank және Matchroom Boxing уйымдық компанияларының боксшыларын бір кешке тоғыстырады. Қалған жекпе-жектердің кард тізімі әлі толық жасалып жатыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан