Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Жайна Шекербекова Финляндиядағы халықаралық турнирде сенсация жасады

Жайна Шекербекова Финляндиядағы халықаралық турнирде сенсация жасады

Қазақстан әйелдер құрамасы 8-12 сәуір аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында өткен GeeBee халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, 54 келідегі Жайна Шекербекова чемпион атанды. Оның жеребесі қиын болса да, алғашқы кезеңде әлем чемпионатының ширек финалисі Габриелла Вирхеймді (Нидерланд ), 1/4 финалда Ливерпульдегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Сирин Чараабиді (Италия) жеңіп кетті. Ал жартылай финалда жарыс қожайыны Эмма Йокиахо және финалда АҚШ өкілі Джейшаннет Запатадан басым түсті.

1982 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирде Данияр Елеусінов, Абылайхан Жүсіпов, Қайрат Ералиев сынды танымал боксшыларымыз топ жарғанымен, әйелдер арасында Жайна Шекербекова осы турнирді жеңген алғашқы отандық ару атанды.

Сондай-ақ 51 келідегі Анита Адишева көзге түсе білді. Ірі жарыстарда мүмкіндік алып жүрген отандасымыз турнир барысында Финляндия спортшысы Елса Нархи мен Мишель Никол Весковиниді (Италия) ұтты. Тек шешуші сында ол Франция боксшысы, Еуропа чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Василя Лькадириге (Франция) жол берді.

Ал 70 келідегі Жасмин Кизатова жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль иеленді.

Айта кетейік, GeeBee турниріне Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Норвегия, Шотландия, Швеция, Швейцария, АҚШ және Уэльс елдерінен 100 спортшы қатысты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан