27.08.2023
Жан Кособуцкий АҚШ-та бокс ережесін бұзғаны үшін жарыстан шығарылды
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Талста (АҚШ, Оклахома штаты) өткен бокс кешінде жекпе-жекке қатысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Sport12.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Жан Кособуцкий нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) жұдырық түйістірді. Бұл - қазақстандық спортшы мансабындағы ең үлкен жекпе-жек еді.
Ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген. Қазақстандық спортшы ережені жүйелі түрде бұзғаны үшін төртінші раундта жарыстан шығарылып, жеңіс Эфе Аджагбаға берілді.
Осылайша, Эфе Аджагба кәсіби мансабында он сегізінші рет жеңіске жетті, ал Жан Кособуцкий бірінші жеңіліп қалды.
Жан Кособуцкий - WBC International нұсқасы бойынша хэвивейт чемпионы. Ол бұған дейін IBO Inter-Continental белдігін жеңіп алған.
Еске сала кетсек, тағы бір қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) Талста (США, штат Оклахома) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»