03.07.2024

Олимпиада алдында боксшылар үйлеріне тарап кетті – Бас бапкер Айтжанов

Олимпиада алдында боксшылар үйлеріне тарап кетті – Бас бапкер Айтжанов

Осы жылдың басты додасы Париж Олимпиадасының алдында боксшылар бір аптаға демалып, тынығу үшін үйлеріне тарап кетті.

Бұл туралы kazinform тілшісіне бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтты.

«Біз осыған дейін Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын сәтті өткіздік. Жігіттеріміз нағыз бабында деп ойлаймын. Кеше ғана барлық боксшыларды бір аптаға үйлеріне таратып жібердім. Олар да Олимпиада алдында өздерінің отбасында, ата-анасының қасында демалып, тынығып алсын дедік. Бір аптадан кейін қайта жиналамыз. Олимпиадаға соңғы дайындықты Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында 9-21 шілде аралығында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Мырзағали Құланұлы.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарында оңай қарсылас жоқ екенін, десе де, жүлде үшін шәкірттері аянып қалмайтынын атап өтті.

«Олимпиада ойындарына әлемнің ең үздік боксшылары барады. Ол жерге баратын боксшылар оңай шағыла қалатын жаңғақ емес. Сондықтан, әр жекпе-жек оңай болмасы анық. Десе де, біз жүлдеге таласуға, Олимпиаданың жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшімізді саламыз. Басты мақсатымыз – кемінде бір алтын алу», - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. 

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарында ерлер құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5), Асланбек Шымбергенов (71), Нұрбек Оралбай (80 келі) Айбек Оралбай (92 келі) және ең ауыр салмақ дәржесі бойынша Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды. 

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.


Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс 3 сағат бұрын

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 4 сағат бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 4 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 5 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді