09.08.2024
Юсуп Батырмурзаев польшалық қарсыласына шамасы келмеді

Еркін күрестен Юсуп Батырмурзаев (125 келі) Париж Олимпиадасында жарыстың алғашқы сатысынан аса алған жоқ, Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде Роберт Бараннан (Польша) ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, Олимпиадада еркін күрестен ел намысын Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) қорғады.
