13.08.2024

Шайбалы хоккейден Президент кубогы қай телеарнадан көрсетіледі

Шайбалы хоккейден Президент кубогы қай телеарнадан көрсетіледі

Шайбалы хоккейден 2024 жылғы Қазақстан Президенті кубогының қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.

Ойындар Qazsport және KHL телеарналары арқылы тікелей эфирде жүргізіледі.

14-18 тамыз аралығында халықаралық Қазақстан Президенті кубогы өтеді. Турнирге қатысушылар қатарына «Барыстан» басқа Хабаровск «Амуры», тольяттиналық «Лада», сондай-ақ алдағы Олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындалатын Қазақстан құрамасы кіреді. 

Командалар алдымен айналмалы жүйеде ойнайды. Содан кейін қорытынды орындарды анықтау үшін шешуші жекпе-жекте кездеседі.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас