17.08.2024
Қайрат Сәтжанов: Алға қойған жоспарымыз өте үлкен
Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Қайрат Сәтжанов өзінің қызметі жайында және алдағы жоспары жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды Sport12.
Бүгін еліміздің бокс федерациясы ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалғаны жөнінде мәлім етті. Бұл қызметке қазақстандық маман Қайрат Сәтжанов келді.
Қайрат Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.
«Маған сенім білдіріп отырғандарыңызға үлкен рақмет айтамын.Қазақстан боксында бірқатар проблемалар бар. Оны Париж Олимпиадасында байқадық. Біріншіден, жаттығы жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған. Сондайақ өзге қарсыластарымен біріккен оқу-жаттығу жиыны өтпеген. Алға қойған жоспарымыз өте үлкен. Бұл орайда жасөпірімдер құрамасынан бастап жастар, ұлттық құрамаға бірдей деңгейде көңіл бөлуіміз тиіс. Елімізде өтетін жарыстардың таза және әділ өтуін қадағалау қажет. Оқу-жаттығу жиындарының барлығын бір жүйеге келтіргеніміз жөн. Құрама жұмысын жақсарту ретінде шетелден мамандар шақырту жөнінде ойымыз бар. Атап айтқанда, дене дайындығы маманы, ғылыми топ жұмысы және бапкердің кеңесшісі деген мамандар қызмет атқарады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу, ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді Қайрат Сәтжанов.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»