18.08.2024
Балауса Мұздыман: «Легионерлер білгенін жасап жатыр»

Қазақстандық кәсіби боксшы Балауса Мұздиман Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Олимпиада ойындарына қатыспауына байланысты жеке пікірін білдірді. Бұл туралы insports.kz редакциясы хабарлады.
«Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қазақстанда туып өссе қай ұлт болсын кіндік қаны тамған, туған еліне бүйрегі бұрып тұрады» - дейді бұрымды боксшымыз.
Осы мәлімдемеден кейін кейбір ақпарат құралдары Балаусаны жанжал шығарды деп айыптады. Дегенмен Балауса бұл мәселеге нүкте қойды: «Мен тек шындықты айттым. Біздің құрамада елдің намысын қорғап жүрген, жүректері қазақ деп соғып тұрған басқа да ұлттың қыздары бар. Өйткені олар Қазақстанда туылған. Жүректері қазақ деп соғып тұрады. Ауырып, қандай халде болса да рингке шығып жұдырықтасады. Өйткені халқы өзіне сеніп тұрғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алғандар, сол арқылы ақша тауып жатқан спортшылар» - дейді Балауса.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
