23.08.2024

«Бокстан кеткенім жоқ»: Сәкен Бибосынов мансабына байланысты мәлімдеме жасады

«Бокстан кеткенім жоқ»: Сәкен Бибосынов мансабына байланысты мәлімдеме жасады

Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан соң мансабын әрі қарай жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Sport12 сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетелік, әлеуметтік желіде Мырзағали Айтжановтың соңынан Бибосыновтың да құрамадан кететіні туралы ақпар тараған. Спортшы бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

"Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім.
Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет.
Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді.
Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін.
Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін", - деді Бибосынов. 

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы әрі әлем біріншілігінің қола жүлдегері (2021,2019), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020).

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Көшпенділер ойыны 2024 17 сағат бұрын

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы алғашқы жаттығуын жасады

Футбол 19 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы алғашқы жаттығуын жасады

«Барыстың» канадалық қорғаушысы жарақат алып қалды

Хоккей 19 сағат бұрын

«Барыстың» канадалық қорғаушысы жарақат алып қалды

Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі?

Көшпенділер ойыны 2024 19 сағат бұрын

Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі?

Ағайынды теннисшілер Австрия чемпионатына аттанады

Теннис 19 сағат бұрын

Ағайынды теннисшілер Австрия чемпионатына аттанады

Қазақстан құрамасы еншісінде - 69 медаль

Көшпенділер ойыны 2024 19 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы еншісінде - 69 медаль