02.09.2024
Шавкат Рахмонов қараша айында Камара Усманмен жекпе-жек өткізе алады

championat.com
Шавкат Рахмонов қараша айында UFC-дің бұрынғы чемпионы Камара Усманмен жекпе-жек өткізе алады.
UFC оларға жекпе-жек өткізуге қолайлы 16 және 23 қараша күндерін ұсынды. Оған қазақстандық былғары қолғап шебері келісімін беріп үлгерді. Енді Усманнан келісім күтіп отыр.
16 қарашада UFC 309 Нью-Йоркте Madison Square Garden-де болады. Онда басты жекпе-жек Джон Джонс - Стипе Миочич арасында болады деп күтілуде.
Ал 23 қарашажа UFC пандемиядан кейін алғаш рет Азияда турнир өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, UFC Fight Night 248 турнирі Макаодағы Galaxy аренасында жалауын көтереді.
