16 сағат бұрын

Қайрат Сәтжанов: Боксшылармен жиын өткізіп, жаңа капитан сайладық

Қайрат Сәтжанов: Боксшылармен жиын өткізіп, жаңа капитан сайладық

Olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құраманың жаңа капитаны қалай сайланғанын айтты, деп жазады Olympic.kz. 

Айта кетелік, бүгін Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшаларында Айбек Оралбайдың жаңа капитан болып сайланғаны хабарланды. Бұған дейін бұл міндетті Асланбек Шымбергенов атқарып келген. 

"Кеше команда өкілдерімен жиналыс өткіздік. Ұлттық құрама мүшелері түгел қатысты. Жаңа маусым алдындағы жоспарларымызды бөлісіп, жыл соңына дейінгі турнирлерді талқыладық.
Жиын соңында команда мүшелері жаңа капитан сайлады. Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы, Азия чемпионы Айбек Оралбай осы міндетті өзіне алды. Соңынан өзі де сөз алып, алдағы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауға уәде берді", - деді Қайрат Сәтжанов. 

Қазақстандық боксшылар алдағы уақытта Азия чемпионатында бақ сынайды. Оған дейін Шымкенттегі халықаралық турнирге қатысу да жоспарланған. 

«Жетісу» клубына арналған заманауи орталық ашылды

Басқа 2 сағат бұрын

«Жетісу» клубына арналған заманауи орталық ашылды

FIFA жаңартылған рейтингін жариялады

Футбол 2 сағат бұрын

FIFA жаңартылған рейтингін жариялады

Жахангир Рашит: «Әлем чемпионатында гол салғаныма қуаныштымын»

Футбол 2 сағат бұрын

Жахангир Рашит: «Әлем чемпионатында гол салғаныма қуаныштымын»

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады

Күрес 3 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады

ҚХЛ: «Барыс» бүгінгі «Ак Барспен» ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Хоккей 3 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгінгі «Ак Барспен» ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке Астана қаласынан үй берілді

Көшпенділер ойыны 2024 4 сағат бұрын

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке Астана қаласынан үй берілді