13 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі қашан өтеді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі қашан өтеді

Қазақcтандық боксшы, WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін міндетті қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) өткізеді.

Жекпе-жекті өткізуге өтінімді жеңіп алған No Limit Boxing промоутерлік компаниясы жұдырықтасу 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) өтетінін хабарлады.

Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуға дайындықты бастап кетті. Бұл жөнінде қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

«Алдағы жекпе-жекке Қазақстанда дайындалуға тура келді. Оны ұйымдастырушы - аустриялықтар. Жекпе-жекке Қазақстанда дайындалып жатырмыз. Біздің әрқашан айтып жүргеніміз - тарих. Тарих жасаймыз. Орта жолға келдік. Артқа қайтатын жол жоқ. Басқа салмаққа ауысатын мүмкіндіктер болды. Қазір осы салмақта қалып, төрт белбеуді жинап, әлемде Qazaq style-ді тарихта қалдырамыз», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Өткен аптада Top Rank промоутерлік компаниясының өкілдері Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген үміткер Андрей Михайловичпен жекпе-жекті өткізу құқығы үшін No Limit boxing компаниясымен сауда-саттықтан ұтылды.

Жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Алайда Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Қазақстандық боксшы жекпе-жектен 11 сағат бұрын ауруханаға жатқызылды.

Әлем чемпионаты: Португалия Тәжікстанды бір доп айырмасымен әрең жеңді 

Футзал 8 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Португалия Тәжікстанды бір доп айырмасымен әрең жеңді 

«Барыс» Ресейде «Ак Барсқа» есе жіберді 

Хоккей 21 минут бұрын

«Барыс» Ресейде «Ак Барсқа» есе жіберді 

«Жетісу» клубына арналған заманауи орталық ашылды

Басқа 3 сағат бұрын

«Жетісу» клубына арналған заманауи орталық ашылды

FIFA жаңартылған рейтингін жариялады

Футбол 3 сағат бұрын

FIFA жаңартылған рейтингін жариялады

Жахангир Рашит: «Әлем чемпионатында гол салғаныма қуаныштымын»

Футбол 3 сағат бұрын

Жахангир Рашит: «Әлем чемпионатында гол салғаныма қуаныштымын»

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады

Күрес 3 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады