7 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Қазақстан бокс федерациясы кездесу өткізді, деп жазады Olympic.kz.

Кездесуге ҰОК президенті Геннадий Головкин, бас хатшы Әлімжан Ақаев, ҚБФ басшысы Шахмұрат Мүтәліп, атқарушы директор Рауан Игенев, сондай-ақ, ерлер командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов пен Асқар Еркебаев қатысты.
ҰОК басшысы Франция астанасы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет Қазақстан құрмасының бапкерлер штабымен кездесті.

Геннадий Головкин 2024 жылғы Олимпиадаға қатысқан боксшылардың қазіргі жағдайынан хабар алды. Сондай-ақ, бапкерлер өз кезегінде алдағы турнирлер қарсаңында жаттығу жиыны өтіп жатқанын мәлімдеді.

Ұлттық құрама Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир мен Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Қайрат Сәтжанов пен Асқар Еркебаевтың айтуынша, бұл жарыстардың қорытындысы команданы жасақтауға тікелей әсер етеді. Одан бөлек, мамандар құрамадағы қазіргі жағдайды баяндап, боксшылардың тынымсыз еңбекке дайын екенін айтты.

Тараптар команданың әрі қарайғы дамуына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Геннадий Головкин қабылданған шешімдерді қолдайтынын білдіріп, ұсынылған жоспарға өз ұсыныстарын айтты.

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 6 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 6 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 6 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 6 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 7 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 7 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады