04.10.2024
Ескі Әнұран қойылды: Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он алтыншы жеңісін тойлады
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін аустриялық Андрей Михайловичпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек басталардан бұрын оны ұйымдастырушылар еліміздің Әнұранын қойды. Десе де бұл қазақстандық былғары қолғап шеберіне әсер еткен жоқ. Қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутпен жеңді. Нәтижесінде ол орта салмақтың екі чемпиондық ()(WBO, IBF) титулын қорғады.
Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті.
Журналист әрі инсайдері Майкл Бенсон ақпараты бойынша, Жәнібек салмақ қуу кезінде есінен танып қалған, сондықтан ауруханаға жеткізілді.
Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:
«Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апталар салып, араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», - деп жазды Әлімханұлы.
Сондықтан жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек өтпейтін болды. Кездесу 14 шілдеде таңда Лас-Вегаста өтуі керек еді.
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті.
25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр. Бұл жөнінде «Qazsport» жазды.
Михайлович егіздің сыңары, Ресейде туған. Оны бала кезінде жаңазеландиялық отбасы асырап алған. 15 жасында бокс бапкері Айзек Пичпен кездесіп, өмірін түбегейлі өзгертті.