27.10.2024
World Boxing: АҚШ-та бокстан жастар арасындағы әлем емпионаты басталды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
АҚШ-та жастар арасындағы әлем чемпионаты дәл осы түнде басталды.
World Boxing ұйымының біріншілігіне төрт спортшымен келген Қазақстан құрамасы дайындыққа кірісті.
Қазақстанмен 11 сағат айырмашылығы бар Пуэбло қаласы, Колорадо штатындағы жарыстың жеребесі тартылды. Нәтижесі парақшамызда жарияланды.Алғашқы күні шаршы алаңға шығатын: Диас Серікұлы, 70 келі. Ол Алжир спортшысымен кездеседі.
Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.
«Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз.
Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз.
World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық» - деді Шахмұрат Мүтәліп.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
