27.10.2024
Тағы үш боксшымыз жастар арасындағы әлем чемпионаты ширек финалда сынға түседі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел құрамасынан тағы үш боксшы ширек финалға өтті.
Ел құрамасынан Диас Берікбай (48 келі) Сербия спортшысын 4:1 есебімен сүріндіріп, енді 1/4 финалда 29 қазанда испаниялық былғары қолғап шеберімен қолғап түйістіреді.
Ал 75 келіде Санжарәлі Бегалиев Болгария боксшысын 5:0 есебімен жеңіп, енді 29 қазанда кубалық Эбдрю Ардилеспен ширек финалда жекпе-жек өткізеді.
Сондай-ақ 50 келіде Елянур Турганова бірінші раундта түркиялық Эмине Килинчтің осал тұсын тапты. Енді ол бірінші 30 қазанда Қытай-Өзбекстан боксшылары кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»