28.10.2024
World Boxing: Әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы ширек финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing ұйымының тарапынан өткізіліп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
АҚШ-тың Колорадо штатындағы Пуэбло қаласында жалауын көтерген дүниежүзілік додада 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр.
Аталған жарыста еліміздің атынан Ерасыл Аманғалиев (55 келі), Асылхан Көшербай (65 келі), Диас Серікұлы (70 келі), Даниял Райымбеков (85 келі) қатысып жатыр.
Қазірге дейін ел құрамасынан Ерасыл Аманғалиев Чехия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді.Енді ол ширек финалда АҚШ боксшысы Эмануэль Чэнспен кездеседі.
Ал 65 келіде Асылхан Көшербай Чехия спортшысымен кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Енді оның 1/4 финалдағы қарсыласы - Нимо Месиа (АҚШ).
Әлем чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас