30.10.2024
Жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық сегіз боксшы жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
29 қазан күні өткен ширек финалдық жекпе жектер нәтижесінде қазақстандық сегіз боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Ұлдар
48 келі. Диас Берікбай
67 келі. Төрехан Сабырхан
75 келі. Санжарәлі Бегалиев
92 келі. Расул Асанханов
Қыздар
48 келі. Әнел Абдрасилова
60 келі. Толғанай Қасымхан
63 келі. Аружан Жаңабаева
81 келі. Аружан Зейноллаева
Бүгін, 30 қазан күні тағы 9 спортшы 1/4 финалда өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас