04.11.2024
Жастар арасындағы ӘЧ: Бексұлтан Боранбекпен Өнер Сейілхан алтын алды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күнінде ел құрамасынан ұлдар арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі) пен Өнер Сейілхан (71 келі) шаршы алаңға шықты.
Финалда Бексұлтан Джастин Мореноны (Колумбия) 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Дүниежүзілік додада бұған дейін Бексұлтан Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларынан қапы қалдырған еді.
Сондай-ақ жеңісті жолды Өнер Сейілхан (71 келі) да жалғастырды. Ақтық сында ол ресейлік Алексей Гуковты 5:0 есебімен жеңді.
Біріншілік барысында Өнер Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларынан басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (67 келі) мен Санжарәлі Бегалиев (75 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.